From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы — 2019 жылдың 9 сәуірінде қабылданған «Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» №18 Жарлығына сәйкес 2019 жылдың 9 маусымында өтті. Сайлауға Нұрсұлтан Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатқалы уақытша президент болып тағайындалған Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге есептегенде жеті кандидат қатысты. Сайлау нәтижесіде Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылар даусының 70,96 % иеленіп, ҚР 2-президенті болып сайланды. Нәтиже бойынша алғашқы үштікке 16,23 % көрсеткішпен өзін оппозиция өкілі деп санайтын Әміржан Қосанов пен Қазақстан сайлау тарихындағы алғашқы әйел - кандидат Дания Еспаева сайлаушылар даусының 5,05 % жинап енді.
| ||||||||||||||
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы | ||||||||||||||
2019 жыл 9 маусым | ||||||||||||||
Сайлау түрі | Президент сайлауы | |||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кандидаттар | 7 | |||||||||||||
Сайлау органы және нәтижелер | ||||||||||||||
Халық саны | 18 592 701 | |||||||||||||
Тіркелгендер | 11 960 364 | |||||||||||||
Сайлаушылар саны | 9 274 110 | |||||||||||||
77,5 % ▼ −17,7 | ||||||||||||||
Жарамды дауыстар саны | 9 216 610 | |||||||||||||
Бос және жарамсыз дауыстар | 57 500 | |||||||||||||
Науқан уақыты | 10 сәуір — 16 маусым 2019 | |||||||||||||
Дебат(тар) | 29 мамыр 2019 | |||||||||||||
Қасым-Жомарт Тоқаев – Нұр Отан | ||||||||||||||
Дауыс | 6 539 715 | |||||||||||||
70,96 % | ||||||||||||||
Әміржан Қосанов – Ұлт Тағдыры | ||||||||||||||
Дауыс | 1 495 401 | |||||||||||||
16,23 % | ||||||||||||||
Дания Еспаева – Ақ жол | ||||||||||||||
Дауыс | 464 714 | |||||||||||||
5,05 % | ||||||||||||||
Төлеутай Рақымбеков – Ауыл | ||||||||||||||
Дауыс | 280 451 | |||||||||||||
3,04 % | ||||||||||||||
Амангелді Таспихов – ҚРКФ | ||||||||||||||
Дауыс | 182 898 | |||||||||||||
1,98 % | ||||||||||||||
Жамбыл Ахметбеков – ҚКХП | ||||||||||||||
Дауыс | 167 649 | |||||||||||||
1,82 % | ||||||||||||||
Сәдібек Түгел – Ұлы Дала Қырандары | ||||||||||||||
Дауыс | 84 582 | |||||||||||||
0,92 % | ||||||||||||||
Әр өңір бойынша Қазақстан президентін сайлау нәтижесі | ||||||||||||||
Қазақстан Республикасының Президенті | ||||||||||||||
Босатушы | Сайланған | |||||||||||||
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Отан |
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр Отан | |||||||||||||
өңдеу |
Жаңа сайланған президентті ұлықтау рәсімі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтті.[1]
Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 26 сәуірінде өткен ҚР Президентін сайлауда 5-мерзімге сайланған болатын. Аталған сайлауда ол сайлаушылар даусының 97,7 % жинаған[2]. Назарбаевтың өкілеттігі 2020 жылға дейін жалғасуы тиіс еді, алайда 2019 жылдың 19 наурызы ол өз өкілеттігін тоқтатуына байланысты[3], ҚР Конституциясына сәйкес қалған мерзімге уақытша президент болып Қасым-Жомарт Тоқаевты тағайындалды[4]. Кезекті президент сайлауы 2020 жылдың сәуір айында өтуі тиіс еді[5].
2019 жылдың 20 наурызы ЖСДП сайлау жүйесін авторизацияламауға және демократиялық институттарды күйшейту арқылы жүзеге асыруға шақырып, мәлімдеме жасады. Партия әділ әрі демократиялы президент және парламент сайлауын өткізуді ұсынды[6].
9 сәуір күні Тоқаев «саяси белгісіздікті» болдырмау үшін 2019 жылдың 9 маусымында мерзімінен бұрын сайлау өтетінін мәлімдеді[7]. Мемлекет басшысы мәлімдеме алдында 8 сәуір күні парламент сенатының төрайымы Дариға Назарбаевамен, премьер-министр Асқар Маминмен және Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәми мен Парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божкомен кеңескен[8]. Сондай-ақ 9 сәуір күні «Нұр Отан», «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясының жетекшілерімен кездесті[9].
Президент 5 жылдық мерзімге қос-айналымды жүйе нәтижесінде сайланады. Егер бірде-бір кандидат 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, ең көп дауыс жинаған екі үміткер арасында 2-айналым өткізіледі[10].
Бастапқыда 2020 жылы өткізілмек болған сайлауға 8,8 млрд теңге жұмсау жоспарланған болатын. Алайда орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына 12 млрд теңге сұраған. Бұл туралы 11 сәуірде сенат отырысында қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов айтты. Қаржы министрлігінің есебінше, сайлау шығынының 70 % сайлау округтерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбегіне жұмсалады[11].
15 сәуір күні Қазақстан Үкіметі сайлау өткізуге арналған қаржы қорынан 9,4 млрд теңгенің шығарылғандығын мәлімдеді; бұл ОСК сұраған қаржыдан 2,6 млрд-қа аз.[12]
Сайлау парақтарын басып шығаруға 132 млн 742 мың теңге жұмсалған. Елдегі сайлаушылар саны - 11 947 955 адам екендігі ескеріліп, оның үстіне артық 1 % бюллетень басып шығарылған. Бір бюллетень құны - 11 теңге.[13].
2019 жылы 10 сәуірде Орталық Сайлау комиссиясының отырысында Қазақстан Республикасының президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу шараларының жоспары, сондай-ақ сайлау құжаттарының формалары бекітілді[14].
Тіркелген алты партияның бесеуі съезд өткізітіні жайлы мәлімдеді. «Нұр Отан» — 23 сәуір, «Ақ жол» — 24 сәуір, «Ауыл» — 25 сәуір, ал ҚКХП[15] мен ЖСДП[16] — 26 сәуір. «Бірлік» партиясы съезд өткізуге дайындық уақыты тым аз екендігін желеу етіп, сайлауға қатысудан бас тартты[17].
2019 жылдың 17 сәуірі «Ұлы Дала Қырандары» Республикалық қоғамдық бірлестігі білестік тең төрағасы, жазушы — Түгел Сәдібекті президент үміткері ретінде ұсынды[18].
23 сәуір күні Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясынан сайлауға уақытша президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың түсетіндігін мәлімдеді[19]. ҚР "Сайлау туралы" Конституциялық заңына сәйкес сайлауға түсетін кандидатқа қойылатын талаптардың бірі - үміткер соңғы 15 жылда республика аумағында тұруы қажет. Сол себепті Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдегі дипломатиялық қызметі мен халықаралық ұйымдарда жұмыс істеген уақытының қаншалықты есепке алынатынын сұрап, Конституциялық Кеңеске жүгінді[20]. 25 сәуір Конституциялық Кеңес он бес жылдыұ мерзімге Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі персоналына жататын және оларға теңестірілген Қазақстан мүше болып табылатын халықаралық ұйымдар жанындағы лауазымдарға тағайындалған азаматтардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұру кезеңдері де есептелетіндігін мәлімдеді[21].
24 сәуір Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке кандидат ретінде «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы — Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты ұсынды. 24 сәуірде өткен «Ақ жол» партиясының съезінде мәжіліс депутаты — Дания Еспаеваның сайлауға түсетіндігі мәлім болды. Ол Қазақстан тарихындағы президент сайлауына түскен алғашқы әйел болды[22].
25 сәуір «Ауыл» партиясы сайлауға түсетін кандидат ретінде Төлеутай Рақымбековты ұсынды[23].
ЖСДП президиум ұсынған кандидаттың сайлауға түспейтіндігін мәлімдеп, өтетін сайлауға бойкот жариялады[24]
2019 жылдың 26 сәуірі Қазақстан коммунистік халық партиясының съезінде 2011 жылғы сайлауда қатысқан Жамбыл Ахметбеков партия атынан сайлауға түсетіндігі мәлім болды[25].
26 сәуір «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық бірлескен қозғалысы» РҚБ сайлауға түсетін кандидат ретінде Әміржан Қосановты ұсынды[26].
Кандидат, саяси партия/бірлестік |
Саяси қызметі | Ұсынылған күні | Тіркелген күні | ||
---|---|---|---|---|---|
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков (58) Коммунистік халық партиясы |
Мәжіліс депутаты (2012 – осы кез) |
26 сәуір 2019 | 6 мамыр 2019[27] | ||
Дания Мәдиқызы Еспаева (58) Ақ жол |
Мәжіліс депутаты (2016 – осы кез) |
25 сәуір 2019 | 4 мамыр 2019[28] | ||
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов (55) Ұлт Тағдыры |
Журналист | 27 сәуір 2019 | 6 мамыр 2019[29] | ||
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков (54) Ауыл |
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Төрағасы |
26 сәуір 2019 | 6 мамыр 2019[30] | ||
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов (59) «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РКБ |
«Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мәжіліс депутаты (2004–2007) |
25 сәуір 2019 | 4 мамыр 2019[31] | ||
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (66) Нұр Отан |
Қазақстан Президенті (2019 – осы кез) ҚР Сенат Төрағасы (2007–2011 and 2013–2019) Женевадағы БҰҰ офисінің Бас директоры (2011–2013) Қазақстан сыртқы істер министрі (2002–2007) Қазақстан Премьер-Министрі (1999–2002) |
23 сәуір 2019 | 3 мамыр 2019[32] | ||
Сәді-Бек Түгел (64) Ұлы Дала Қырандары |
Ұлттық Ат спорты Федерациясының президенті | 22 сәуір 2019 | 3 мамыр 2019[33] |
Сайлау алды үгіт-насихат 11 мамыр мен 2019 жылдың 8 маусым, сағат 00:00 дейін созылады[36].Науқанды бұқаралық ақпарат құралыдары көмегімен, көпшілік алдындағы үгіт-насихат шаралары, сондай-ақ кандидаттың не оның өкілінің сайлаушылармен жеке кездесуі, баспа, аудиожазба не басқа да үгіт материалдарын шығару және тарату арқылы жүргізуге болады. Барлық БАҚ өкілдері нақты бір кандидатқа қарсы не жақтап үгіт жүргізбей нейтралитет ұстануы тиіс. 5 мамырға дейін басылымдар төлем мөлшері, эфир мен баспа алаңын ұсыну шарттары мен реті жайлы мәлімет жариялап, осы ақпарды ресми сайтта жариялануы үшін ОСК тапсыруы керек.
Қазақстан ОСК қаулысына сәйкес Қазақстан Президентіне кандидаттың сайлау қоры көлемі 1 млрд 147 млн теңгеден аспауы тиіс. Оның ішінде кандидаттың өз қаржысы және оны ұсынған қоғамдық бірлестіктің салымы 510 млн теңгеден, ал ерікті қайырмалдық көлемі 637,5 млн теңгеден аспауы тиіс[37]. Заңнамаға сәйкес жасырын қайырмалдық жасауға тыйым салынады. Жасырын жасалған қайырмалдық республика бюджетіне енеді. Кандидаттың бұқаралық ақпарат құралдарындағы үгіт-насихатына жұмсалатын қаржы 7,3 млн теңгеден аспауы керек[38].
2019 жылдың 7 маусымына белгілі ақпарат бойынша ең көп қаражат Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау қорына түсіп, 1, 147 млрд теңгені құраған, ал Әміржан Қосановтың қорына ең аз қаражат көлемі 112 млн теңге түскен; бұл көрсеткіш Нұр Отандық қарсыласынан 9,4 есе аз. Жиналған қаражаттың жалпы мөлшері 2 905 млрд теңге құрады, оның 2 848 млрд теңгесі жұмсалды[39].
2019 жылдың 24 мамыры ҚР Орталық сайлау комиссиясы 29 мамыр күні Астанада президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтетіндігін мәлімдеді. Комиссия мүшесі Ләззат Сүлеймен телевизиялық пікірталастың "Хабар" агенттігі АҚ телевизиялық арнасы эфирінде көрсетілетіндігін және қазіргі уақытта сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленгендігін жеткізді[40]. Аталған регламент бойынша теледебат 3 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің атауы анықталған:
Теледебат жоспарланған күні, сағат 18:00-де «Хабар» арнасында тікелей эфирде өтті. Теледебатқа тіркелген 7 кандидаттың төртеуі: Сәді-Бек Түгел, Әміржан Қосанов, Амангелді Таспихов пен Жамбыл Ахметбеков өздері қатысса, Қасым-Жомарт Тоқаев атынан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары – Мәулен Әшімбаев, Дания Еспаева атынан «Ақ жол» партиясының Төрағасы – Азат Перуашев және Төлеутай Рақымбековтың атынан «Ауыл» партиясының Төрағасы – Әли Бектаев қатысты. Аталған шараға 41 млн қаражат жұмсалды[41].
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы мәліметтері бойынша сайлауда лауазым иеленушісі - Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Оны жақтап 6539715 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 70,96 пайызы берілді. Біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 11960364 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9274110 адам немесе 77,5 пайызы қатысқан.
Кандидат | Партия/Бірлестік | Дауыс | % | |
---|---|---|---|---|
Қасым-Жомарт Тоқаев | Нұр Отан | 6 539 715 | 70.96 | |
Әміржан Қосанов | Ұлт Тағдыры | 1 495 401 | 16.23 | |
Дания Еспаева | Ақ жол | 465 714 | 5.05 | |
Төлеутай Рақымбеков | Ауыл | 280 451 | 3.04 | |
Амангелді Таспихов | «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» РКБ | 182 898 | 1.98 | |
Жамбыл Ахметбеков | Коммунистік халық партиясы | 167 849 | 1.82 | |
Түгел Сәдібек | Ұлы Дала Қырандары | 84 582 | 0.92 | |
Бос/Жарамсыз дауыстар | 57 500 | 0.63 | ||
Барлығы | 9 274 110 | 100 | ||
Қалыс қалғандар | 2 686 244 | 22.46 | ||
Тіркелген сайлаушылар | 11 960 364 | 77.54 | ||
Қайнары: ОСК(қолжетпейтін сілтеме) |
Ж. А. Ахметбеков | Д. М. Еспаева | А. С. Қосанов | Т. С. Рақымбеков | А. С. Таспихов | Қ.-Ж. К. Тоқаев | С. Түгел | Барлығы | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Аймақ | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс | % | дауыс бергендер |
Ақмола облысы | 13124 | 3,05 % | 23914 | 5,56 % | 45802 | 10,64 % | 20165 | 4,69 % | 9896 | 2,30 % | 314859 | 73,16 % | 2599 | 0,60 % | 430359 |
Ақтөбе облысы | 3794 | 0,79 % | 42751 | 8,85 % | 69472 | 14,39 % | 14958 | 3,10 % | 9186 | 1,90 % | 340979 | 70,62 % | 1680 | 0,35 % | 482820 |
Алматы облысы | 10138 | 0,81 % | 20508 | 1,64 % | 207431 | 16,60 % | 26711 | 2,14 % | 8720 | 0,70 % | 967042 | 77,40 % | 8895 | 0,71 % | 1249445 |
Атырау облысы | 1761 | 0,61 % | 11126 | 3,86 % | 65436 | 22,69 % | 3523 | 1,22 % | 4993 | 1,73 % | 199718 | 69,24 % | 1882 | 0,65 % | 288439 |
Батыс Қазақстан облысы | 2854 | 0,94 % | 4415 | 1,45 % | 63355 | 20,85 % | 2923 | 0,96 % | 5159 | 1,70 % | 223937 | 73,69 % | 1237 | 0,41 % | 303880 |
Жамбыл облысы | 8341 | 1,45 % | 30777 | 5,35 % | 96415 | 16,76 % | 21400 | 3,72 % | 10757 | 1,87 % | 401133 | 69,73 % | 6443 | 1,12 % | 575266 |
Қарағанды облысы | 11454 | 1,60 % | 44526 | 6,22 % | 125203 | 17,49 % | 21762 | 3,04 % | 6299 | 0,88 % | 501947 | 70,12 % | 4654 | 0,65 % | 715845 |
Қостанай облысы | 2025 | 0,41 % | 43789 | 8,96 % | 51951 | 10,63 % | 14131 | 2,89 % | 17854 | 3,65 % | 357633 | 73,17 % | 1365 | 0,28 % | 488748 |
Қызылорда облысы | 2015 | 0,51 % | 16783 | 4,22 % | 68804 | 17,32 % | 3226 | 0,81 % | 2896 | 0,73 % | 299192 | 75,32 % | 4333 | 1,09 % | 397249 |
Маңғыстау облысы | 6158 | 2,32 % | 12911 | 4,86 % | 86958 | 32,73 % | 3069 | 1,16 % | 7236 | 2,72 % | 147495 | 55,52 % | 1827 | 0,69 % | 265654 |
Павлодар облысы | 4949 | 1,11 % | 27450 | 6,16 % | 63895 | 14,33 % | 16923 | 3,79 % | 3226 | 0,72 % | 327277 | 73,39 % | 2221 | 0,50 % | 445941 |
Солтүстік Қазақстан облысы | 10409 | 3,26 % | 9802 | 3,07 % | 32754 | 10,26 % | 12963 | 4,06 % | 19419 | 6,08 % | 232284 | 72,75 % | 1660 | 0,52 % | 319291 |
Түркістан облысы | 10684 | 1,07 % | 28887 | 2,89 % | 178498 | 17,88 % | 45055 | 4,51 % | 10788 | 1,08 % | 720855 | 72,21 % | 3487 | 0,35 % | 998254 |
Шығыс Қазақстан облысы | 15838 | 1,93 % | 51074 | 6,24 % | 126339 | 15,43 % | 16419 | 2,01 % | 10566 | 1,29 % | 580457 | 70,89 % | 18102 | 2,21 % | 818795 |
Астана қаласы | 15026 | 3,23 % | 36099 | 7,76 % | 91038 | 19,57 % | 27307 | 5,87 % | 11536 | 2,48 % | 275346 | 59,19 % | 8838 | 1,90 % | 465190 |
Алматы қаласы | 39375 | 6,70 % | 43489 | 7,40 % | 50366 | 8,57 % | 19982 | 3,40 % | 30560 | 5,20 % | 392167 | 66,73 % | 11754 | 2,00 % | 587693 |
Шымкент қаласы | 9704 | 2,53 % | 17413 | 4,54 % | 71684 | 18,69 % | 9934 | 2,59 % | 13807 | 3,60 % | 257394 | 67,11 % | 3605 | 0,94 % | 383541 |
Барлығы | 167649 | 1,82 % | 465714 | 5,05 % | 1495401 | 16,23 % | 280451 | 3,04 % | 182898 | 1,98 % | 6539715 | 70,96 % | 84582 | 0,92 % | 9216410 |
2019 жылдың 9 маусымы өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға тіркелген сайлаушылардың 77,4 % дауыс берді[42]. Ең төмен келім көрсеткіші Қазақстанның ең ірі қаласы — Алматы тіркелді. Аталған қалада тіркелген сайлаушылардың тек 52,2 % дауыс берген. Ең көп келім 89,0 % көрсеткішпен Алматы облысына тиесілі екендігі анықталды.
Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар | Сайлаушылар | Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар | Сайлаушылар | ||
---|---|---|---|---|---|
Саны | %[42] | Саны | %[42] | ||
Ақмола облысы | 430359 | 83,4 % | Ақтөбе облысы | 482820 | 84,9 % |
Алматы облысы | 1249445 | 89,0 % | Атырау облысы | 288439 | 71,2 % |
Батыс Қазақстан облысы | 303880 | 66,3 % | Жамбыл облысы | 575266 | 81,3 % |
Қарағанды облысы | 715845 | 77,3 % | Қостанай облысы | 488748 | 84,1 % |
Қызылорда облысы | 397249 | 81,6 % | Маңғыстау облысы | 265654 | 68,9 % |
Павлодар облысы | 445941 | 81,2 % | Солтүстік Қазақстан облысы | 319291 | 79,8 % |
Түркістан облысы | 998254 | 84,8 % | Шығыс Қазақстан облысы | 818795 | 84,9 % |
Алматы қаласы | 587693 | 52,2 % | Шымкент қаласы | 383541 | 52,2 % |
Астана қаласы | 465190 | 68,9 % | Барлығы | 70,5 % |
2019 жылдың 9 маусымы сағат 7:00 мен 20:00 аралығы «Ел тірегі» заңды тұлғалар бірлестігінің тапсырысы бойынша «Қоғамдық пікір» зерттеу институты 13 200, ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы[43] 12 мың сайлаушы арасында сауалнама жүргізді. Іріктеме қателігі шамамен +/- 3 %. Exit poll нәтижесі келесідей[44]:
Кандидат | «Қоғамдық пікір» институты нәтижесі |
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы нәтижесі | |
---|---|---|---|
Жамбыл Аужанұлы Ахметбеков | 3,86 % | 3,06 % | |
Дания Мәдиқызы Еспаева | 5,32 % | 4,78 % | |
Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов | 15,39 % | 14,96 % | |
Төлеутай Сатайұлы Рақымбеков | 3,03 % | 2,71 % | |
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспихов | 1,41 % | 2,63 % | |
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев | 70,13 % | 69,94 % | |
Сәді-Бек Түгел | 0,86 % | 1,92 % |
2019 жылдың 12 сәуірі Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлықтау рәсімі өтті. ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев Тоқаевқа жаңа сайланған президент куәлігін табыстады[45]. Ұлықтау рәсіміне ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты, алайда шетел президенттері шақырту алмаған[46].
Сәуір соңында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бірінде аты-жөні көрсетілмеген сайлаушылардан қол жинау парағы анықталғандығы белгілі болған. Қазақстан орталық сайлау комиссиясы бұл парақ Төлеутай Сатайұлы Рақымбековқа тиесілі екенін растады[47].
Қазақстан Заңнамасына сәйкес сайлау науқаны барысында талаптарға сай емес сауалнама жүргізуге тыйым салынған. Әлеуметтік желілерде жүргізілген сауалнама да Заңнама талаптарына сай болмағандықтан, Қазақстанның екі азаматы 17 мамырда 15 АЕК мөлшерінде (37 875тг) айыппұл төлеуге тартылған[48].
Сайлау күні, яғни 9 маусым күні сайлау учаскелерінде дауыс беру үйшігіндегі сиясы "жанатын" қалам, алдын ала белгіленген бюллетеньдер, бір сайлаушының жәшікке бірден бірнеше бюллетень салуы, учаскеде тіркелмеген сайлаушылардың дауыс беруі секілді бірқатар құқықбұзушылықтар орын алған[49]. Алайда ОСК ресми хабары бойынша сайлау күні тек 16 құқық бұзушылық тіркелген.
2019 жылдың 6 маусымына белгілі ақпар бойынша Қазақстандағы Президент салауына бақылау жүргізуге бірнеше өкілдік қызығушылық танытқан, атап айтқанда: ТМД, ТМД парламент аралық ассамблеясы, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымның демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы[50].
15 мамыр күні «Аманат» азаматтық платформасы Алматы қаласының 26 ҮЕҰ және Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 этномәдени бірлестік өкілдері мен қалалық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін бақылаушыларға арналған тренинг өткізілді. Дәл осы бағдарлама бойынша 10 мың тәуелсіз бақылаушы оқыту көзделіп отыр[51].
5 маусымға белгілі ақпар бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген бақылаушылар саны 967 адам[52], ал Сыртқы істер министрлігі 40-тан астам елден 227 шетел корреспондентін аккредитациядан өткізген.[53].
2019 жылдың 8 мамыры ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Қазақстандағы Президент сайлауын бақылау жөніндегі өкілдігі құрылды. Өкілідік басшысы Ұршыла Әтсектің айтуы бойынша бақылаушылар тобында тек сайлауға дейін емес, сондай-ақ кейін де жұмыс атқаратын Ұлыбритания, Испания, Германия, Белорусь, Польша сарапшылары бар. Өкілдік құрамында барлығы 22 ұзақ мерзімді бақылаушы тіркелген[54].
Өкілдіктің 24 мамыр күні жасаған аралық есебіне сәйкес сайлау науқаны өте әлсіз жүргізілуде және тек үгіт парақтары мен жарнама тақтайларымен шектеліп қалуда. Сайлау науқанын жүргізу қатаң бақылауда, сондай-ақ кандидаттар тек жергілікті билік органдарынан 10 күн бұрын рұқсат алып қана көпшілікпен кездесіп, басқа да шаралар жүргізе алады.[55]
9 маусым күні Астана және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген наразылық әрекеттері болып өтті[56]. Алматыдағы наразылық әрекеттері 2017-2018 жылдары Сорос-Қазақстан қорының ұсынысымен сөз бостандығы мен жергілікті мәселелерді ұжымдық шешуге арналған қоғамдық орынға айналған «Астана» алаңы мен қос жағында орналасқан Абылай хан даңғылы мен Панфилов көшелерінің бойында өткен. Ал Астанада Республика даңғылы бойындағы «Жастар» сарайының алдында өткен. Наразылық білдірушілерді ІІМ, полиция және Ұлттық гвардия бөлімшелері оқиға орнынан қоғам қауіпсіздігін және құқықтық тәртіп қамтамасыз ету желеуімен күштеп алып кеткен. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлауынша, Астанада қоғамға қарсы қозғалыс қатысушылары әрекет барысында қорғану мақсатында тәртіп сақшыларына тас және басқада қолға іліккен заттар лақтырып, бұрыштық бүріккіш қолданған-ды, соның салдарынан үш полиция қызметкері жарақаттанған[57][58]. ҚР ІІМ Бірінші орынбасары Марат Қожаевтың мәлімдеуінше 9 маусым күні наразылық барысында 500-ге жуық адам тұтқындалған[59][60]. Бұл ақпарат әйгілі The New York Times басылымында және басқа да шет ел басылымдарында жарияланған[61].
Ұсталғандар қатарында жергілікті және шетел журналистері де бар: «Vlast.kz» интернет-басылымының операторы, режиссер Екатерияна Суворова, «Азаттық» тілшісі Петр Троценко және саясаттанушы Димаш Әлжанов ұсталған[62]. France Press агенттігінде жұмыс істейтін Ұлыбритания жүрналисті Chris Rickleton өзінің «Twitter» желісіндегі парақшасына ұсталғандығын жариялаған[63]. Rickleton мен оның әріптесі іске Сыртқы істер министрі орынбасары Роман Василенко кіріскенге дейін жергілікті АІІБ-нда екі сағат өткізген.
10 маусым күні де наразылық әрекеттері жалғасын тапты. Наразылық білдірушілер сайлау қорытындысымен келіспейтіндігін және саяси жүйеге қарсылықтарын білдірген. Сол күні қазақ ақыны, оппозиционер Ринат Зайытов өзінің Instagram парақшасында кешкі сағат 18:00 «Алматы Арена» мұз сарайының маңында сайлау нәтижесі жайлы мәлімдеме жасайтындығы жайлы бейне жариялаған. Кейін желіде ақынның сөйлеп тұрған жерінен тәртіп сақшылары ұстап әкеткен бейне тарап, біршама өнер адамдары мен қарапайым халық ақынның босатылуын талап етіп, Алматы қаласы полиция басқармасының алдында жиналған[64]. Олармен полиция басқармасы бастығының орынбасары Ізбасар Бектұров пен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөйлесті, жиналғандар тек Ринат Зайытов келгеннен кейін тарасқан[65]. ҚР ІІМ кеңесшісінің мәлімдемесі бойынша 10 маусым күні 200-ге жуық адам ұсталып, оның 150-і жауапқа тартылған[66]. Екі күн ішінде Алматы мен Астана қалаларында барлығы 700-ге жуық адам ұсталған[67]. Жаңа сайланған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наразылық білдірушілерді диалогқа шақырды[68].
2019 жылдың 12 маусымы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасы Қазақстандағы сайлау күні және одан кейінгі күндері өткен бейбіт шерулерде азаматтардың ұстылуын Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына қарама-қайша деп тауып, Қазақстан билігін адам құқықтары бойынша халықаралық міндеттемелерін орындауға шақырды.
...БҰҰ Адам құқықтары Бюросы полиция бөлімшелерінде түнгі уақытта көбіне адвокаттың қатысуынсыз жедел соттардың өткенінен де хабардармыз. ...Бұл Қазақстанның адам құқығы бойынша алған міндеттемелеріне айқын қайшылық. Қазақстанды азаматтардың бейбіт жиын өткізу мен пікір айту еркіндігін сақтауға, азаматтарға конструктивті түрде саяси өмірге араласуға мүмкіндік беруге шақырамын.
Түпнұсқа (ағыл.)The UN Human Rights Office was also made aware about numerous expedited court proceedings held on the premises of police stations, conducted at night and in many instances without the presence of defence lawyers. ...This is an apparent contradiction with Kazakhstan’s obligations under international human rights law. I urge Kazakhstan to fulfil its legal obligations to respect and protect the rights to freedom of peaceful assembly, expression, and ensure the right to meaningful political participation
Мәлімдемеден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетовқа азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз етуді және жазықсыз ұсталғандарды босатуын тапсырды[69]. 13 маусым күні Бас Прокуратура Астана мен Алматы қалаларында өткен "рұқсат етілмеген митингіге" қатысқаны үшін 957 адам әкімшілік жауапқа тартылғандығын мәлімдеді. Оның 670-і 6-15 тәулікке қамалып, 115-іне айыппұл салынған[70].
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.